Главный / Казахские песни / Айгерім Мамырова - Сен болмасаң

Айгерім Мамырова - Сен болмасаң

  • Исполнитель: Айгерім Мамырова
  • Название MP3: Сен болмасаң
  • Качество MP3: 128 kbps
  • Дата релиза: 5-02-2023, 23:11
  • Размер MP3: 3.56 MB
  • Длительность MP3: 3:52
00

Слушать песню Айгерім Мамырова - Сен болмасаң
Текст песни Айгерім Мамырова - Сен болмасаң
Сен болмасаң бұл жалған
Күнде уайым күнде арман
Айналайын гүлiм-ау
Жүрегiмде бүр жарған

Сен болмасаң серiгiм
Аялайды менi кiм
Ертелi кеш сен жаққа
Елеңдейдi көңiлiм

Сен болмасаң тiрегiм
Кiмге жылап күлемiн
Жүрегiмде тiлегiм
Алақанда жүрегiм
(а-а-а-й) алақанда жүрегiм
(е-е-е-й) жүрегiм

Сенсiз мынау жалғанда
Өтер ме едiм арманда
Елжiрейсiң балқисың
Мен әнiме салғанда

Сен арқылы жарығым
Бақытымды таныдым
Екеумiзге бiр ғұмыр
Бере көршi Таңiрiм

Сен болмасаң тiрегiм
Кiмге жылап күлемiн
Жүрегiмде тiлегiм
Алақанда жүрегiм
(а-а-а-й) алақанда жүрегiм
(е-е-е-й) жүрегiм

Сен болмасаң аяулым
Кiмге құшақ жаярмын
Сағынышты сазыңмен
Жүрегiмнен жай алдың

Сен болмасаң жанымда
Жайқалмайды-ау бағым да
Менiң ғазиз тағдырым
Сенiң ғана қолыңда

Сен болмасаң тiрегiм
Кiмге жылап күлемiн
Жүрегiмде тiлегiм
Алақанда жүрегiм
(а-а-а-й) алақанда жүрегiм
(е-е-е-й) жүрегiм
(е-е-е-й) жүрегiм 1
Самые новые и яркие казахские хиты, а также распространённый зарубежный рэп, сборники мега песен эстрадного направления понравившихся вам вы можете найти здесь и легко загрузить их.
По всем вопросам пишите на: [email protected] DMCA